Еуропа елдерінің бірінде ауқатты азаматтарға қосымша салық салу ұсынылды

Фото: Zakon.kz
Италия үкіметі 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасын парламентке ұсынды. Құжатта салық резиденттігін өзгертетін ауқатты азаматтарға 26% мөлшерінде салық енгізу қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, салық мөлшерлемесі Италияда тұрған кезеңде жинақталған капитал өсімі мен өзге де қаржылық кірістерге қолданылады.

Бұл шара қаржылық активтерінің құны 800 мың еуродан (406 млн 104 мың теңге) асатын жеке тұлғаларға, серіктестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарға қатысты болады. Сонымен қатар олар соңғы 10 жылдың кемінде алты жылында Италияның салық резиденті болуы тиіс.

Бұл бастама актив иелерінің оларды сатпай тұрып салық резиденттігін өзгерту арқылы Италияда тапқан табыстарына салық төлеуден жалтаруына жол бермеу мақсатында ұсынылып отыр.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады

Польшада мемлекеттік төңкеріс бола жаздады