Қытайда көпқабатты ғимарат өртеніп, 14 адам қаза тапты, ондаған адам зардап шекті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қытайдың Тайюань қаласындағы көпқабатты ғимаратта ірі өрт шықты. Салдарынан 14 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

South China Morning Post басылымының мәліметінше, өрт 2026 жылғы 8 қараша күні кешке Haosheng International Apartment тұрғын үй кешенінде шыққан. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өрт сөндірушілер жалынды шамамен екі сағатта ауыздықтаған. Араға тағы бір жарым сағат салып құтқару жұмыстары аяқталған.

Ғимаратта пәтерлерден бөлек, қонақүй мен балаларға арналған білім беру орталығы болған. Өрттен кейін сол кеште 38 адам ауруханаға жеткізілген. Сол кезде олардың бесеуі қайтыс болғаны белгілі болды. 9 қараша күні таңертең қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.

Түркияда да қайғылы оқиға болды. Измир провинциясындағы металлургия зауытында жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 15 жұмысшы жарақат алды. Олардың екеуінің жағдайы өте ауыр.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды