Индонезияда жойқын құйын төрт аудандағы жүздеген ғимаратты қиратты

Сурет: Humas Polda Jawa Barat
Индонезияның Батыс Ява провинциясында болған құйын салдарынан тұрғын үйлерді, дүкендер мен қоғамдық нысандарды қоса алғанда, 496 ғимарат зақымданды. Табиғи апат 13 және 14 қарашада бір қала мен үш ауданды қамтыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зардап шеккендерге көмекті жедел ұйымдастыру үшін жергілікті билік төтенше жағдай режимін жариялады.

Kompas.id басылымының мәліметінше, ең көп зақымдану Батыс Бандунг ауданында тіркелген. Қатты жел Батуаджар ауданындағы жеті ауылды шарпып, 195 тұрғын үйге, екі діни мекемеге, мектеп пен медициналық нысанға зақым келтірген.

Бандунг округінің Чивидей ауданында құйын бір минуттан астам уақытқа созылған. Салдарынан 50 тұрғын үй мен 21 дүкен бүлінді. Ал Пасирджамбу ауданында тағы 81 үй зақымданып, бір адам зардап шекті.

Өңірлік төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зақымданған 496 нысанның 336-сы – тұрғын үй. Оның 63-і қатты қираған. Оқиғалар салдарынан адам өлімі тіркелмеген.

Бандунг округінің әкімі Даданг Суприатна үйлері қатты зақымданған отбасылардың үш айлық жалдау ақысын билік өтейтінін мәлімдеді. Тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселесі тиісті ведомстволармен бірлесіп шешіледі.

Жаңа табиғи апаттардың туындау қаупіне байланысты өңірдің құтқару қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Метеорологтердің мәліметінше, Батыс Яваның басым бөлігінде жаңбырлы маусым қарашада басталады. Алайда биыл оның әдеттегіден кешірек басталуы күтілуде. Жауын-шашынның шарықтау кезеңі 2027 жылдың ақпанына болжанып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып, жолаушыларға медициналық көмек қажет болды

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды