Oxu.Az басылымының жазуынша, Рассел оны Дарем қаласының маңындағы "Франкленд" қатаң режимдегі түрмесінде өлтірген.
44 жастағы Расселге 26 ақпанда 52 жастағы Хантлидің басынан салмағы 4 келі болатын темір шыбықпен кемінде алты рет ұрды деген айып тағылған. Прокуратураның мәліметінше, кісі өлтіру алдын ала жоспарланып, жеке өшпенділік негізінде жасалған.
Рассел мен Хантли бір түрме блогында отырған. Соңғы бірнеше айда олардың арасында бірнеше рет жанжал болған. Тергеу барысында Расселдің қаруды алдын ала таңдап, жасырып қойғаны және шабуыл жасауға қолайлы сәтті күткені анықталды.
Хантлидің бас сүйегі сынып, миына қан құйылған. Ол есін жимастан, тоғыз күннен кейін ауруханада қайтыс болды.
Үкім шыққаннан кейін прокуратура Расселдің жасаған қылмысын мақтан тұтқан видеожазбасын жариялады. Басқа бейнежазбаларда ол шабуыл жасайтын уақытты алдын ала таңдағанын айтқан. Рассел өз әрекетін Хантлидің тәкаппарлығымен, оны арандатуымен және қорқытуға тырысқанымен түсіндірген.
- Маньякты өлтірген Расселдің өзі де 2021 жылы бірнеше кісі өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ол Ковентриде 58 жастағы Джули Уильямс пен оның 32 жастағы ұлы Дэвидті, сондай-ақ жүкті болған 31 жастағы Николь Макгрегорды өлтірген. Әйелдің денесі Лимингтон-Спа қаласының маңындағы орманнан табылған. Бұған қоса, Рассел Макгрегорды зорлаған.
- Иэн Хантли 2002 жылғы 4 тамызда Сохэм қаласында отбасылық барбекюден кейін тәтті сатып алуға шыққан жерінен жоғалып кеткен 10 жастағы Холли Уэллс пен Джессика Чепменді өлтіргені үшін сотталған. Ол қыздардың денесін қаладан шамамен 16 шақырым жердегі арыққа жасырған. Жүздеген полиция қызметкері қатысқан ауқымды іздеу жұмыстарынан кейін олардың денелері 13 күн өткен соң табылды.
2003 жылы Хантли өмір бойына бас бостандығынан айырылып, жазасының ең төменгі мерзімі 40 жыл болып белгіленген.
Еске салайық, бұған дейін туған күнінде қатыгездікпен өлтірілген әйелдің артында төрт баласы қалғаны туралы хабарлаған едік.