Әлеуметтік желіде пәтер тонаушы туралы тараған ескі ақпарат халықты дүрліктірді

Сурет: freepik
WhatsApp әлеуметтік желісінде пәтерлерді аралап, арзан ыдыс-аяқ ұсынып, есік ашқан адамдарды тонап, өлтіріп кететін қарақшы туралы ақпарат тарады. Бұл – жалған ақпарат, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz telegram арнасы бұл ақпарат желіде сегіз жыл бұрын тарағанын және жалған екенін жазды.

Қазіргі хабарлама 2018 жылдың басында шыққан. Тонап, өлтіріп кететін адам туралы Хромтау тұрғындарына ескертілді. Мәтіні осыған ұқсас, бірақ суреті басқа ақпарат 2016 жылы сайттар мен форумдарда жарияланған болатын Ол кезде маньяк туралы ескерту Башқұртстанда тараған еді. Ол өтірік болып шықты, бұл туралы ресейлік БАҚ мәлімдеді, – деп жазылған хабарламада.

2020 жылғы ақпанда хабарлама Украинада тарады, бірақ ол бірден жоққа шығарылды.

Айта кетейік, Ресейде де, Қазақстанда да, Украинада да мұндай қарақшы бар екені расталмаған. Оның "құрбандары" да жоқ.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды