ҰҚШҰ әскері Қазақстаннан толық кетті

Сурет: Zakon.kz.
Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов ҰҚШҰ бітімгерлік әскері Қазақстан аумағынан толық кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық бітімгер күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды. Соңғы жеке құрам мен техника әуе кемесімен Алматыдан ұшып шықты. Қазіргі Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ. Елімізден ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңімен шығару биыл 13 қаңтардан бастап Қарулы күштердің Жоғары бас қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев белгілеген мерзімде жүзеге асады. Қорғаныс министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов

Сонымен қатар, Олжас Құсайынов аталған ұйымның қызметі елде тыныштық орнатуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.

Бірлескен бітімгер контингенті Қазақстан аумағында ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2 және 4-баптарына сәйкес әрекет етті. Жыл сайын өтетін бірлескен оқу-жаттығу, оның ішінде мызғымас бауырластық бітімгершілік оқу-жаттығу барысында әзірленген іс-қимылдар үйлесімділігінің арқасында ұйымның бітімгершілік әлеуеті жедел іске қосылды. Олжас Құсайынов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды