15 наурыз – мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі мамандарының күні

Бұл күн 1999 жылы елде «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңның қабылдануымен тұспа-тұс келеді. Тәуелсіз Қазақстанда әскери басқарудың барлық деңгейінде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдар жұмыс істеп келеді, деп хабарлады Zakon.kz.

15 наурыз – әскери және мемлекеттік құпияны қорғау жолында қызмет ететін мамандардың күні. Олар қажетті мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге әскери ақпараттық ресурстарға техникалық әсер етудің алдын алу, анықтау және жою жөніндегі жұмысты жүргізеді.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің мамандары күніне арналған шарада осы қызмет саласындағы әскери қызметшілердің ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесін айтты.

Бүгінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдары мемлекет пен әскер үшін аса маңызды міндеттерді орындайды. Бұл бөлімшелердің мамандары әрдайым кәсіби білікті, саналы және әскери борышқа адал, – деді генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов.

Осы күні Әскери-тарихи мұражайда тақырыптық экспозиция да ашылды. Көрмеде әскерилер мәліметтерді жасырын беру кезінде қолданған өткен ғасырдың ерекше аппаратурасы көрсетуге ұсынылды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: