Елордада мемлекеттік күзет қызметкерлері қызға тап берген қарақшыға тойтарыс берді

Сурет: Zakon.kz
ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері кәмелетке толмаған қызға шабуылдаған ер адамға тойтарыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 22 маусымда орын алды. Нұр-Сұлтан қаласында Абылайхан даңғылы бойында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері Бақдәулет Намиалиев пен Фархат Сатуов жауынгерлік кезекшіліктен келе жатқан.

ҚР МКҚ қызметкерлері жас қызға шабуыл жасап, күш қолдану арқылы мобильді телефонын тартып алмақ болған ер адамды бірден тоқтатты.

Бақдәулет пен Фархаттың батыл іс-қимылы арқасында құқық бұзушы ұсталып, оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Кәмелеттік жасқа толмаған қызға психологиялық және алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Кейіннен анықталғандай, ұсталған азамат бұрын сотталған болып шықты.

Аталған дерекке сәйкес, полиция қызметкерлері тарапынан ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері саналы әрекетімен өздерінің батылдығын, күш-жігерін және кәсіби біліктілігін көрсетті. ҚР МКҚ баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео