Қазақстанда әскерге күзгі шақыру басталды

Сурет: Қорғаныс министрлігі
Қазақстанда мемлекет басшысының жарлығына сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әскерге күзгі шақыру науқаны басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдар әкімдерінің орынбасарлары жетекшілік ететін облыстық, қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.

Әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады және төрт айда 18 бен 27 жас аралығындағы 18 мыңға жуық сарбаз Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар қатарын толықтырады.

Бұл ретте Қарулы Күштер қатарына 8 мыңға жуық, Ұлттық ұланға 6 мыңнан астам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 3 мыңнан астам, Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне 300-ге жуық, мемлекеттік күзет қызметіне 100-ге жуық адам әскерге шақырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі