Еуропадан келген инспекциялық топ Қазақстанның әскери нысандарын аралайды

Сурет: gov.kz
Жұмыс сапары барысында Германия, Ұлыбритания және Эстония инспекциялық тобының мамандары ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен басқа да объектілеріне барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инспекциялау 2011 жылғы 30 қарашадағы ЕҚЫҰ форумының жалпы отырысында қабылданған сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы Вена құжаты бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде өтеді.

Әскери сарапшылар Жамбыл облысындағы "Мәтібұлақ" полигонында өтіп жатқан ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының барысымен танысты.

Келісілген жоспар бойынша олар Гвардейск – Қонаев пен Алматы қалалары бағыттары бойынша аумақты ұшып өтетін болады.  Бағдарламада сондай-ақ әскери бөлімдерде брифингтер өткізу және "Іле", "Шошқалы" және "Жағалау" оқу-жаттығу полигондарындағы инспекциясы көзделген.

Сурет: gov.kz

Әскери инспекторлардың қорғаныс ведомствосы объектілеріне баруы Қазақстан Әскери ынтымақтастық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ұстанатын айқындылық пен ашықтыққа жауап береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі