Қарулы күштерде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері запасқа шығарылып жатыр

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес, биылғы күзде Қарулы күштерден әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген 7000-ға жуық әскери қызметші запасқа шығарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір жыл ішінде мыңдаған жауынгерлер әскери істің қыр-сырын үйреніп, бөлімшелер құрамында жаттығуларға қатысты. Көптеген әскери қызметшілер оқу-жаттығу орталықтары мен кіші мамандар даярлайтын мектептерде алдағы өміріне қажет болатын әскери мамандықтар алып шықты.

Ең бастысы, мен бұл жерде көптеген достар таптым. Үйге борышымды абыроймен өтеп, ержеткен, шымыр әрі әскер мектебінен өткен маман болып баратын боламын. Мен барлық ер азаматтарды әскерде қызмет етуге шақырамын. Бұл әуелі әр жігіттің өзіне пайдалы, – деп атап өтті 30153 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мағжан Абдулла.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Барлық әскери бөлімдерде салтанатты шаралар өтіп, сарбаздар Жауынгерлік тумен қоштасып, плацта соңғы рет сап түзеп жүріп өтуде. Ал командирлер мен жеке құрам запасқа шығарылған мерзімді қызметтің сарбаздарына құрмет көрсетуде.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Үздік жауынгерлер грамоталармен, бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен, бөлімнің Жауынгерлік туының тұсындағы фотосуреттерімен марапатталды.

Туған жерлеріне келгеннен кейін запасқа шығарылған әскери қызметшілер жергілікті әскери басқару органдарында әскери дайындалған резерв ретінде есепке алынады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты