Әскери қызметші қаза тапқан жағдайда өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы бұйрығымен Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан жағдайда, біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұсқаулықта әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан жағдайда, оған мүгедектік белгіленген немесе ол әскери қызмет өткеруге байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы тағайындау тәртібі жазылған.

Әскери қызметшінің немесе әскери міндеттінің қаза табу (қайтыс болу) себебін айқындау мақсатында ол әскери қызмет өткерген әскери бөлім қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.

Әскери бөлім қызметтік тергеп-тексеруді жүргізгеннен кейін мынандай құжаттар ресімделеді:

Құжаттар ресімделгеннен кейін әскери бөлімдер оларды мұрагерлердің тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға үш жұмыс күні ішінде жолдайды.

Өтемақы әр мұрагерге төленеді.

Бұған қоса Нұсқаулықта әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттіге мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібі жазылған.

Бұйрық 2022 жылғы 25 желтоқсанда күшіне енеді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды