Ертең «Алматы жастары» тұрғын-үй бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталады

Сурет: Zakon.kz/Михаил Золотухин
18 мамырда «Алматы жастары» тұрғын-үй бағдарламасына өтініштер мен құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жастардың баспаналы болуына мүмкіндік беретін тұрғын үй бағдарламасы онлайн түрде жүзеге асады. Ұпайды автоматты түрде есептеу үшін электронды калькулятор енгізілмек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғын үй саясаты басқармасы «Алматы жастары» арқылы биыл 1000 отбасын баспанамен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, ЖОО мен әлеуметтік сала, құқық қорғау қызметкерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатыса алады. Тіркеу 17 мамырда түнгі сағат 12-ден бастап, 1 маусымға дейін жалғасады.

«Ал 2 маусымнан бастап сол аралықта тапсырылған құжаттардың барлығын тексеру 20 жұмыс күн ішінде жүргізіледі. Одан кейін жұмыс аясында осы бағдарламаға сай келетін, келмейтін азаматтардың тізімі, алған балы бойынша «Алматы жастары» сайтында толығымен жарияланады», – деді Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров.

Өтініш берушілердің тізімі балдық жүйе бойынша ескеріледі.

1. Заңды некедегі әр жылы үшін 1 ұпай беріледі;

2. Әр балаға 1 ұпай қосылады;

3. Бағдарламаға қатысушылар өз саласындағы еңбек өтілінің әрбір жылы үшін 2 балл иеленеді;

4. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға автоматты түрде 5 ұпай қосылады. 

Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты аналар бар. Шарттарына келер болсақ, несиенің жоғары сомасы – 18 млн теңге. Пайыздық мөлшерлеме – 5 процентті құраса, бастапқы жарна - 10 пайыз. Айта кетейік, биылғы бағдарламаға тұрғылықты жері бойынша тіркеу қажеті жоқ. Бастысы азаматтардың еңбек өтілі алты айдан кем болмауы тиіс.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты