Тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша Астана мен Алматы көш бастап тұр

Сурет: pexels
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде 36 241 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Оның 8 905-і жеке тұрғын үйлерге және 27 336-сы көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір айда тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны 1,6% өсті. Транзакциялар саны бойынша Астана (6 347) және Алматы (6 342) қалалары көш бастап тұр. Барлық транзакциялардың ең азы Ұлытау облысында. Мұнда 372-сі орындалды.

Бұл ретте тамыз айымен салыстырғанда транзакциялардың ең көп өсімі Түркістан облысында (15,2%), сонымен қатар Шығыс Қазақстан (14,8%) және Павлодар облыстарында (11,8%) байқалды. Бір айда құлдырау Ұлытау (-9,7%) және Алматы (-7,4%) облыстарында болды.

Статистикаға қарасақ, қазақстандықтар әлі де көппәтерлі үйлердегі баспананы қалайды. Қыркүйекте олар бойынша 27 336 транзакция жасалды, бұл транзакциялар бойынша жалпы көрсеткіштің 75,4%-ына тең.

Бөлме саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер екінші ай қатарынан сұранысқа ие. Қыркүйек айында осындай 10 163 транзакция аяқталса, мұндай пәтерлер сатылымының 55,4%-ы Астана мен Алматыда жасалған. 2 бөлмелі пәтерлер бойынша 10 083 транзакция жасалды.

Бұл ретте жеке үйлер бойынша транзакциялар санының азаюы байқалады. Оларды сату көлемінің төмендеуі Қызылорда (-26,7%), Алматы (-12,3%) және Батыс Қазақстан облыстарында (-11,3%) байқалады.

Жеке тұрғын үйлер бойынша транзакциялардың өсімі Шымкентте (+11,6%), Ақтөбеде (+9,8%), Шығыс Қазақстан облысында (+9,6%), Жамбылда (+7,9%) және Павлодар облыстарында (+8,5%) тіркелді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты