"Аштық жариялаған Жаңаөзен тұрғындарына "Жұмыс жасаймын" өңірлік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасудың түрлі нұсқалары ұсынылды. Тұрғындар жұмыс жасай жүріп, мұнай саласына жұмысқа орналасу кезегін күте алады". Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта Жаңаөзендегі 13 компания 200-ден астам түрлі бағытта бос жұмыс орындарын ұсынған. Мысалы: сәулетші. өндіріс инженері, call-орталық операторы, кассир-бухгалтер, асхана қызметкері, автослесарь, менеджер, электрик, сату менеджері, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тазалық қызметкері, әкімші және т. б.
Ұсынылған бос жұмыс орындарының ең жоғарғы жалақысы - 280 мың теңге, лауазымына, біліктілігінің болуына байланысты ең төменгі жалақы - 140 мың теңге.
Көптеген бос жұмыс орындары үшін жоғары білім қажет емес екені де нақтыланады.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкерлері жиналғандарға қолда бар жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды және мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу алгоритмі шеңберінде өз кезегін күтуді ұсынды, алайда жұмыссыздар жалпы кезекті айналып өтіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ-на жұмысқа орналасуды талап етті.
"Бұл талап өз кезегін күтіп отырған қаланың басқа да тұрғындарына әділетсіз болып табылады, олардың көпшілігі қазіргі уақытта басқа салаларда жұмыс істейді", делінген әкімдік баспасөз қызметінің хабарламасында.