ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Бекманов берген өтінішіне сәйкес, Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәулет Бекманов 1983 жылы дүниеге келген. Ол "Мирас" университетін, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын жеке ұйымда инженер-жүйе технигі қызметінен бастады. 

Әр жылдары "ҰАТ" АҚ, Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникациялар, Инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?