Атырауда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар қоғамдық көлікте тегін қатынайды

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 22 мамырда облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 25-ке жуық ата-анамен кездесті. Олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Ата-аналар әлеуметтік мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтінішін айтып келген тұрғындардың мәселесін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бүгіннен бастап мүмкіндігі шектеулі бала тәрбилеп отырған ата-аналар қоғамдық көлікпен тегін қатынайтынын айтты.⠀


"Қазіргі таңда қоғамдық көліктерде тегін жүрушілер қатарына өзгерістер енгізіп, мүмкіндігі шектеулі жанмен бірге жүретін адамды да тегін қатынауы үшін әкімдіктен қаржы бөлу мәселесі мәслихат отырысында қаралады. Бұл - күн тәртібіндегі басты мәселе. Елімізде бірнеше жылдан бері әлеуметтік портал жұмыс істеп тұр. Сол арқылы аяқ-киімнің түрлері, өлшемі сынды параметрлерді таңдап аласыздар. Аяқ-киімдерді заттай емес, ақшалай беру әкімдік деңгейінде шешілетін мәселе емес. Бұл турасында тиісті министрліктерге ұсыныс жолданады. Ал тұрғын үй заң бойынша кезек реттілігімен беріледі. Сондай-ақ сіздер көтерген өңірлік деңгейдегі мәселелер өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешімін табады", - деді Жасұлан Бисембиев.

⠀

Кездесуде Жасұлан Бисембиев аналарға жергілікті әкімдік дейгейіндегі мәселелер оң шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ әлеуметтік сала мамандарына мүгедектік туралы мәселелер бойынша телеграмм чат құрып, оған ата-аналармен қоса барлық мемлекеттік орган басшыларын тіркеуді тапсырды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды