Кеден одағының еркін экономикалық аймақтары жөніндегі келісімге өзгерістер енгізілді

Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгеріс енгізілген заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Аталған заңды Сенат 2023 жылы 1 маусымда талқылап, мақұлдады.

Хаттаманың негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес аталған келісімнің бірқатар баптарына редакциялық және заңдық сипаттағы өзгерістер енгізу.

Құжатта еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтардың аумағы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігі, ал порт және логистикалық ЕЭА шегі – Одақтың кедендік шекарасы болып табылатын норма көзделеді.

Бұдан бөлек кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы аумағында осы ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.

Қазақстан
ЕАЭО

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі