Абай облысына еліміздің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмектер келіп жатыр

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алапат өртке байланысты Абай облысына гуманитарлық көмек кешегі күні Қарағанды, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келсе, бүгін 7 жүк көлігімен Астанадан да келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әр өңірден келген гуманитарлық көмектер Семей қаласындағы "Жоламан" сауда-логистикалық орталығындағы қоймаға түсірілді.


"Абай облысындағы соңғы жағдайлардағы апатқа байланысты "Аманат" партиясының Астана қаласындағы филиалы және әкімшілікпен бірігіп арнайы көмек көрсету орыны ашқан болатынбыз. Сол көмек көрсету орынына қаншама еріктілер келіп өз көмегін берді. Бүгін осы Семей қаласына сол гуманитарлық көмекті Қорғалжың жүк көлігі ұйымымен бірігіп алып келдік. Барлық көмек көрсеткен жандарға алғысымызды білдіреміз және Абай облысына осындай қиын жағдайдан тез шығып кетуді тілейміз", - деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Мағзұм Арсланбек.

Сондай-ақ әр облыстан жіберілген гуманитарлық көмектер Озерка ауылдық округінде, Бородулиха ауылында және "Жоламан" сауда-логистикалық орталығындағы қоймаларда сақталуда. Бұл туралы Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов атап өтті.

"Кешеден бері барлық облыстардан Абай облысындағы орман өртіне байланысты гуманитарлық көмектер келіп жатыр. Мұның ішінде сусындар, тамақ дайындауға қажетті өнімдер және жеке бас гигенасына арналған заттар бар. Мұның барлығын біз қоймаларға түсіріп, жеке-жеке санын жазып, өрт аумағындағы штабтарға еріктілер арқылы тізім бойынша жөнелтіп жатырмыз",- деді ол.
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі