Мемлекет басшысына орман өртін алдын ала анықтау жүйелерін орнату жайы баяндалды

Сурет: akorda.kz
23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке еліміздегі вегетациялық кезең барысы және орман шаруашылығы мен жануарлар әлеміне  қатысты мәселелер жөнінде мәлімет берілді, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа орман шаруашылығын материалдық-техникалық тұрғыдан  жабдықтау, соның ішінде техника сатып алу және ықтимал орман өртін алдын ала анықтау жүйелерін орнату бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.

Зүлфия Сүлейменова Мемлекет басшысына табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелеріне қажетті өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техникалардың тізімін кеңейту үшін тиесілі нормаларды жаңарту жұмыстары басталғанын айтты.

Бұдан бөлек, Экология және табиғи ресурстар министрі негізгі өзен бассейндеріндегі, әсіресе, еліміздің оңтүстік аймақтарындағы су тапшылығы жағдайында вегетациялық кезеңнің қалыпты өтуі үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде  мәлімет берді. 

Кездесу соңында Президент табиғатты қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын күшейту ісін кешенді түрде жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.  

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін анықтап, оларды жою үшін  құқық қорғау органдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қажет жағдайда құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін атап өтті.

8 маусымда Абай облысында "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман өртенгені белгілі болды. Ірі өрттің салдарынан 14 адам қаза тапты.  Бас прокуратура өрттің себептерін анықтап жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты