"Қазақстан" шахтасындағы өрт: Министр толық және объективті тергеу жүргізуді тапсырды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
24 тамызда Қарағандыда Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен "Қазақстан" шахтасындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияның кеңесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сырым Шәріпханов тартылған сарапшыларды қажетті материалдармен, жобалау-техникалық құжаттамамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Шахтада өрт ошақтарын сөндіру және авариялық учаскеде гипс бөгеттерін салу жұмыстары әлі жүргізіліп жатқаны да нақтыланады. 


Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Айта кетсек, 17 тамызда Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау"АҚ-қа тиесілі "Қазақстан" шахтасында өрт болды: конвейерлік таспа өртенді. Оқиға орын алған кезде шахтада 227 адам болған, олардың 222-сі жер бетіне шығарылды. Тағы бес кенші жер астында қалып кетті, олардың барлығы қаза тапты. 

Алдында "Қазақстан" шахтасында соңғы тексеру барысында қанша бұзушылық анықталғаны белгілі болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды