Өзгені құтқарамын деп өз өмірін қиған ақмолалық жасөспірім марапатталды

ҚР Төтенше жағдайлар министірі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасы бойынша, Ақмола облысының ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев қайтыс болған 14 жастағы Владимир Гринбергті "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілдеде Владимир Гринберг Қорғалжын ауданы Нұра өзенінде отбасымен бірге демалуға барған. Жас батыр 12 жасар баланың суға батып бара жатқанын байқап, абдырап қалмай, бірден көмектесуге асыққан. Одан соң көмекке ересектер қосылған, ұлдың әкесі баласын көтеріп судан шығарған болатын.

"Өз өмірін ойламай, Владимир Гринберг суға батып бара жатқан адамды құтқаруға асыққан. Өкінішке орай, бала аталмыш жерде су құйыны болғандықтан өзі де суға бата бастаған, алайда оған ешкім көмектесе алмады. Баланың туыстарына адам өмірін сақтап қалғаны үшін төтенше жағдайда көрсетілген батылдық пен жанқиярлығы үшін медаль табысталды". Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі

Нұрлан Атығаев баланың ата-анасына шын жүректен көңіл айтты.

Айта кетсек, шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысының су айдындарында 13 адам суға батып кеткен, оның ішінде 5 бала бар. Ақмола облысының ТЖД өңір тұрғындарына судағы жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: