Астанада Сыр бойы еңбеккерлерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астанада 16-17 қыркүйекке белгіленген Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтуде.


Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр дихандары мен тауарөндірушілері 50 жүк автокөліктермен жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 500 тоннаға жуық өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынылуда.

Арқа төріндегі тұрғындарға 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.


Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Сырбойылықтар жәрмеңкеге 135 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 260 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдерін ұсынды.


Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Арқа төріндегі тұрғындарға 85 жылдық тарихы бар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.


Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Сырбойылықтар жәрмеңкеге 140 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 260 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдерін ұсынды.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді