Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Беларусьте өткен қоян-қолтық ұрыс чемпионатында жеңіске жетті

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Беларусь Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының жүлдесіне өткен армиялық қоян-қолтық ұрысының 11-ашық чемпионатында қазақстандық жауынгерлер жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырының бірінші сатысынан орын алды.

Жарысқа 16 команда құрамында 112 спортшы қатысты. Әскери қызметшілері арасындағы жекпе-жектер жеті салмақ дәрежесінде өтті.


"Жауынгерлік шеберлікті арттырудың, әскери қызметшілердің күш-қуатын, ерік-жігерін және төзімділігін дамытудың тиімді әдісі саналатын армиялық қоян-қолтық ұрысы жылдан-жылға танымал болып келеді. Ашық чемпионатта жекпе-жектен нәтижелі сынға түсу – осының дәлелі", - деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы подполковник Арман Әбеуов.

Чемпионатта қазақстандық спортшылар сержант Айдын Нұридинов, кіші сержант Олжас Ержан және капитан Вадим Федосеев өз салмақтарында табандылық пен мықтылықтың рухын көрсетіп, жеңіске жетті. Лейтенант Арман Ерменбет екінші орын еншіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін