Су тасқынына байланысты Қазақстан машина жасаушыларының форумы да өткізілмейтін болды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2024 жылдың 25-26 сәуіріне жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты өтпейтін болғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Форум елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты 2025 жылға ауыстырылатын болды, делінген  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарламасында.

"Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды. Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды". ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Айта кетсек, 2024 жылы 13 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 маусымға жоспарланған Астанадағы халықаралық форумды өткізбеу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін