Тоқаев Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады
![Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2024 14:32](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2024-04-13/file-39cb1694-5fab-4084-af3c-82b56e68786e/400x225.webp)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 маусымға жоспарланған Астанадағы халықаралық форумды өткізбеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 сәуірде Ақорда жариялаған ресми ақпаратқа сүйенсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.
"Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді", - деп жазылған ресми ақпаратта.
Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript