Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолындағы қайта жаңғырту жұмыстары биыл да жалғасатыны белгілі болды

Сурет: pxhere
Батыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Бөрлі-Ақсай-Жымпиты бағытында қолға алынған жол құрылысы биыл да өз жалғастығын табатынын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық маңызы бар Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тас жолының 68-139 шақырымы аралығында қолға алынған жалпы ұзындығы 71 шақырымды қамтитын қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылы да өз жалғасын табатын болады.

"Бүгінгі күнге дейін 13,5 шақырым жолға асфальт жабыны төселді. Аталған нысанда жұмыстарды жалғастыру үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде", делінген облыстық құзырлы басқарма хабарламасында.

Сондай-ақ ағымдағы жылы жоспар бойынша 10 шақырым жолға асфальт жабынын төсеу көзделгені де нақтыланады.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін