Kaspi.kz шетелдіктерді жаңа технологияларымен таңғалдырды

Цифрлық инклюзия және трансформация бойынша Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясына келген шетелдіктер қазақстандық Kaspi Gold картасын шығару жылдамдығына таңқалды.

Астанада Орталық Азиядағы бірінші Цифрлық инклюзия және трансформация бойынша Азия-Тынық мұхиты министрлер конференциясы өтті. 80 жыл қатарынан бұл айтулы оқиға Бангкокта өткізіліп келді. Биыл 60 елдің цифрлық технологиялар саласындағы көшбасшылары Қазақстанға жиналып, өзара тәжірибе алмасып, келісімдер жасап және қазақстандық инновациялық шешімдермен танысты.

Олжас Бектенов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

Сурет: Олжас Бектенов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар бизнес, білім, денсаулық сақтау үшін жаңа көкжиектер ашатынын және миллиондаған адамдардың әл-ауқатын өсуге жетелейтінін атап өтті. Сондықтан біз бұл саланы белсенді түрде дамытып жатырмыз. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі цифрландырылған 30 елдің бірі  және онлайн қызмет көрсету бойынша 8-ші орында".

Залда Қазақстанның цифрлық технологиялар саласындағы әзірлемелері ұсынылған. Қазақстандық инновациялық Kaspi.kz компаниясының көрме стендіне бірінші болып Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және ЭСКАТО Атқарушы хатшысы Армида Салсиа Алишахбана келді. Барша қазақстандықтарға жақсы таныс Kaspi Gold картасы шетелдік қонақтарды, дәлірек айтсақ, оның жоғары жылдамдықтағы өндірісі қатты таң қалдырды. Конференцияда көрсету үшін арнайы картомат әкелінген.

Simeon Taasi/Сурет: Николай Судаков

"Мен мұндайды өмірімде бірінші рет көріп тұрмын. Картаны алу үшін бір-ақ минут керек. Менің ойымша бұл адамдар үшін өте маңызды. Картаны алу үшін бір-ақ рет басасыз".


Amena Yauvoli/Cурет: Николай Судаков

"Бұл керемет. Қандай жылдамдықпен басып шығады, таңқаласың. Менде алтын кәдейсый карта бар! Естелік үшін сақтап қоямын".

Қонақтар конференцияда алған бұл карта - төлем картасы емес, сыйлық, естелік кәдесый. "Kaspi.kz made in Kazakhstan" жазуы бар. Бұл күні картомат іс жүзінде тоқтаусыз жұмыс істеді және одан сыйлық картасын алғысы келетін адамдар көп болды.


Vasiti Cirikiyasawa/Сурет: Николай Судаков

"Мен бұл технологиядан ерекше әсерленіп тұрмын. Меніңше бұл өте маңызды, өйткені қазіргі кезде бәрін жылдам алғымыз келеді, бәрі уақытын бағалайды, уақыт - ол ақша. Нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін мұндай қызметтің  болғаны маңызды!"


Jeff Kietzmann/Сурет: Николай Судаков

"Маған бұл технология ұнайды, бұл картаның поштаға келуін күткеннен жылдамырақ, әсіресе ол жоғалып кетсе немесе ұрланса, картаны ауыстыру қажет болса. Иә, керемет технология!"

John Vacher Amos/Сурет: Николай Судаков

"Мен мұндай технологияны бірінші рет көріп тұрмын. Айтайын дегенім, карта жасау үшін бар болғаны 60 секунд кетеді, біз мұндай технологияны ешқашан кездестірмедік немесе көрмедік!"


Dalbir Singh/Сурет: Николай Судаков

"Сіз кезекке тұру, нөмір алу сияқты қиындықтардан аулақ боласыз. Жәй ғана кіріп, бетіңізді сканерлеңіз және барлық ақпарат бұрыннан бар, картаны аласыз. Менің ойымша, бұл керемет. Мен цифрлық технологияларды енгізу жағынан Қазақстан жетекшілердің бірі екенін білемін. Жарайсыздар, Қазақстан!"

Форумның үш күнінде жүздеген келісімдер жасалды. Осылайша, жаңа технологиялардың арқасында Қазақстан жаһандық инновациялық картадағы өз орнын нығайтуды жалғастыруда.

Серіктестік материал 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: