ҚР ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман ЕҚЫҰ ДИАҚБ директоры Мария Телалианмен кездесу өткізді

ҚР ОСК баспасөз қызметі
ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) директоры Мария Телалианның Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман делегация мүшелерін қарсы алып, ДИАҚБ кеңсесімен жұмыс байланыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында шетелдік қонақтарға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі өткен республикалық референдумның қорытындылары таныстырылды. Мұхтар Ерман кездесуге қатысушыларды жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар туралы хабардар етіп, жаңа Негізгі заң мемлекеттің институционалдық тұрақтылығын арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Сурет: ҚР ОСК баспасөз қызметі

ДИАҚБ делегациясы үшін сайлау органдарының қоғамдық ұйымдар тарапынан байқауды ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ дауыс беру күні мүгедектігі бар адамдар үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы ақпарат ерекше қызығушылық тудырды. Төраға орынбасары ОСК ДИАҚБ миссияларының қорытынды есептерінде қамтылған ұсынымдарды мұқият талдап, оларды тұрақты негізде Қазақстан Республикасы ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің қарауына шығаратынын атап өтті. Осыған байланысты қазақстандық тарап ағымдағы жылғы 15 наурызда өткен референдумды бағалау қорытындылары бойынша жеке есептің ұсынылуын күтуде.

Өз кезегінде Мария Телалиан жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістердің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан – ЕҚЫҰ бағыты бойынша диалогты жалғастырудың өзектілігін айтты, референдумды бағалау миссиясының қызметіне көрсетілген практикалық қолдау үшін алғыс білдірді және алдағы Құрылтайға сайлауларды байқауға ДИАҚБ-ның қатысуына қызығушылық танытты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ОСК өкілдерінің ДИАҚБ-ның әртүрлі елдердегі (АҚШ, Әзербайжан, Молдова, Болгария) сайлауды байқау жөніндегі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді миссиялары жұмысына қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Тараптар электоралдық салада, оның ішінде сарапшылық деңгейде де байланыстарды жалғастыру және ақпарат алмасу қажеттігі туралы ортақ түсінікке келді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі