Ақтөбеде Әкелер күніне арналған "Менің әкем" мерекелік бағдарламасы өтті

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбеде Әкелер күніне орай "Менің әкем" атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Қаланың орталық демалыс орындарының бірі – "Астана" саябағында өткен шараға тұрғындар мен қонақтар көптеп жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін дәріптеу, әке мәртебесін көтеру, отбасылық құндылықтарды нығайту және жас ұрпаққа өнегелі әкелердің үлгісін насихаттау.

Мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі – "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болды. Сонымен қатар қоғамдық өмірге белсенді араласып, өнегелі отбасы қалыптастырып, бала тәрбиесіне елеулі үлес қосып жүрген әкелерге құрмет көрсетілді.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мереке аясында саябақ аумағында тұрғындарға арналған түрлі танымдық және ойын-сауық алаңдары жұмыс істеді. Қонақтар тақырыптық кітап көрмесін тамашалап, ұлттық және спорттық ойындарға қатысты. Сондай-ақ ағаш пен былғарыдан жасалған ұлттық қолөнер бұйымдары ұсынылған "Дәстүр" брендінің көрме-жәрмеңкесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Балалар үшін арнайы ойын алаңы ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы фотоаймақтар безендірілді. "Әке мұрасы" алаңында қолөнердің әртүрлі түрлері бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Келушілер ерекше қызығушылық танытқан алаңдардың бірі – "Қаһарман әкелер мамандықтары" көрмесі болды. Мұнда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің және кинологтардың қызметі таныстырылды.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал "Әкеммен сурет" арт-аймағында арнайы шақырылған суретшілер әкелерімен бірге келген қатысушылардың қарындашпен салынған портреттерін әзірлеп, мерекеден естелік сыйлады.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әкелер күніне арналған тағылымды шара отбасылық құндылықтарды насихаттап, әке еңбегіне деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды мерекелік іс-шаралардың біріне айналды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі