Қазақстанда үш жоғары оқу орны жабылды

Елімізде Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті және «Астана» университеті сот шешімімен жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, кейінгі жылдары аты аталған жоғары оқу орындары «Атамекен» ҰКП жүргізетін білім беру бағдарламаларының рейтингінде үнемі төмен позициядан көрінген. Бұл университеттердегі білім беру бағдарламаларының басым бөлігі жұмыс берушілердің талабына сай келген жоқ және білім алушылар арасында да сұранысқа ие болмады.

Мысалы, Орталық Азия университеті рейтингте 2019 жылы – 36, 2020 жылы – 37, 2021 жылы – 11 білім беру бағдарламасы бойынша қатысқан. Оқу орны түлектердің аз болуына байланысты біраз бағдарламада нәтиже көрсете алмаған.

Жабылған жоғары оқу орындары сапаны жақсарту бағытында жұмыс істемеген жоқ. Білім беру бағдарламаларына инвестиция салмады, практик-мамандарды қызметке тартпады. Талдау нәтижесіне сүйенсек, білім беру бағдарламалары бойынша рейтингі төмен жоғары оқу орындары қауіпті аймаққа түсетін университеттермен өзара байланысты болады. Нәтижесінде аутсайдер жоғары оқу орындары лицензиясынан айырылып, білім беру қызметін тоқтатты.БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова

«Астана» университеті мен Ақтау гуманитарлық-техникалық университетінде де жағдай дәл осындай. Бұл жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының 70-75%-ы сапасы бойынша талаптарға және жұмыс берушілердің сұранысына сай емес.

Гүлзат Көбенованың айтуынша, қазір басқа жоғары оқу орындарын тексеру нәтижелері бойынша сот процестері жүріп жатыр.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде педагогикалық және техникалық бағыт бойынша кадр даярлау жұмыс берушілердің талабына сай келмейді. Егер бүгін университеттер тиісті талапқа сай болмаса, онда ертең біз білімі мен біліктілігі жұмыс берушілердің сұранысын қанағаттандырмайтын мамандарды даярлаймыз. Жоғары оқу орындарына олқылықтардың орнын толтыруға уақыт береміз, алайда олар түзетуге асықпайды. Осыған байланысты қатаң шара қолданамыз. Жоғары оқу орындары оқыту жағдайын, білім беру бағдарламаларын, сонымен қатар студенттердің түрлі мамандықты меңгеру дағдысын жақсартуға жағдай жасауға тиіс. Олай болмаса, жоғары оқу орындары дипломдарды сапалы білім бермей-ақ үлестіреді.Гүлзат Көбенова

Министрлік талапкерлерге, студенттерге және олардың ата-аналарына университет таңдаған кезде сапаға назар аудару қажет екенін еске салады. ЖОО рейтингінің нәтижесін БҒМ және «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайттарынан білуге болады.

Қазақстан Аймағамбетов Асхат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: