Атырауда қатты жел салдарынан мектептерде сабақ тоқтады

Сурет: pixabay
Синоптиктердің болжауынша Атырауда қатты желмен қатар нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі 5 наурызда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшейетінін хабарлады.

Атырау облысының білім басқармасы «Мой город» басылымына әр мектеп онлайн немесе офлайн оқитынын өзі шешетінін айтты.

Әр мектеп төтенше жағдайларды ескеріп, шешім қабылдауын тапсырдық. Ата-аналардың өтініші бойынша, әсіресе ауылдарда балаларды онлайн оқытуға болатынын айттық.Басқарма басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова

Ал Төтенше жағдайлар департаменті бұл өңірде күндіз де қатты жаңбыр жауатынын айтып отыр.

Бұған дейін Маңғыстау облысында қатты жел соққаны белгілі болды. Салдарынан Ақтауда LED-экранды жұлынып, кірпіш қоршау опырылып, Жетібай ауылында құрылысы аяқталмаған ғимараттың шатыры ұшып кеткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді