«Алтын белгіге» үміткерлер емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырады

Сурет: Zakon.kz
Биылдан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер білімін тек «Назарбаев зияткерлік мектептерінде» (НЗМ) растай алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алтын белгіге» үміткерлер 11-сынып түлектері үшін қарастырылған бес емтиханның бірі – математикадан емтиханды «Назарбаев зияткерлік мектептері» базасында тапсырады. Ол жаңа пән емес, жаңа білім емес. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова

Шолпан Қаринова атап өткендей, биылғы ерекшелік – егер түлек «Алтын белгі» төсбелгісін алуға үміткер болса, онда ол математиканы НЗМ базасында тапсыруға міндетті. Мұнда оның оқудағы жетістіктері бағаланады.

Егер түлек НЗМ емтиханын тапсырудан бас тартса, онда ол өз мектебінде математиканы тапсыра алады. Бұл ретте ол арнайы үлгідегі сертификат емес, үздік аттестат алады. Шолпан Қаринова

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл 170 мыңнан астам түлек мектеп бітірсе, 7,5 мыңнан астам түлек «Алтын белгі» белгісіне үміткер.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты