Елімізде 2 миллионға жуық оқушы жазғы мектепті аяқтады

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Жазғы мектептердің жұмысы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылды. Жазғы мектеп оқушылардың білімін нығайтып, олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Биыл мұндай оқуға бітіруші 9, 11-сынып оқушыларынан басқа барлық оқушы ерікті түрде қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық оқушылар жазғы мектептердегі оқуын аяқтады. Барлығы 3,6 млн оқушының 2 миллионға жуығы жазғы мектепте білім алды. Балалар мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша 38 мыңнан астам оқушыға жеке пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылды.

Оқушылар сабақтарға дүйсенбіден жұмаға дейін қатысты. Оқу «Математика», «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Физика», «Химия» және тағы басқа негізгі пәндер бойынша өтті.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, балаларды ынталандыру мақсатында сабақ стандартты формада емес, бағалаусыз өткен.

Оқу кестесіне музейлерге саяхат, экскурсиялар, іскерлік ойындар, шеберлік сабақтары, фильмдер мен мультфильмдерді талқылау кірді. Кітап клубтары, дискуссиялар, стратегиялық сессиялар, дебаттар және басқа да форматта сабақтар ұйымдастырылды. Жазғы мектептің қорытындысы бойынша ата-аналардың оң пікірлерін алдық, – деді Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Жазғы мектеп аяқталған соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шығады. Демалыс 42 күннен 56 күнге дейін ұзартылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды