Ведомство маусым айында өткен ҰБТ-да шекті балл жинай алмағандар тамыз айында тағы тест тапсыруға болатынын еске салды. Бірақ ол сынақтың нәтижесімен тек ақылы оқу түріне түсуге болады.
Тамыздағы ҰБТ-ға мектептің биылғы және өткен жылғы түлектері, колледж түлектері мен шетелдік оқу орындарында білім алғандар қатыса алады, – деп жауап қатты Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер.
Тамыздағы ҰБТ ақылы, құны 4230 теңге болады. Өтінімдерді қабылдау 15 шілдеде басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. Оған Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы тіркелуге болады.
Түлек бар мүмкіндігін пайдаланып, шекті балл жинай алмаса да, қалаған мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсе алады.
Онда ЖОО-ға шартты түрде қабылданады, өйткені түлек бір жыл ішінде сол университетте оқуға лайық екенін дәлелдеу үшін ҰБТ-ны қайта тапсыруы қажет, – деді министрліктегілер.
Ведомствода қорытындысы жойылған талапкерлерге де ЖОО-ға шартты түрде түсуге мүмкіндік берілетінін түсіндірді. Бұл мүмкіндік түлектерге ҰБТ-ны қайта тапсыру және қатарластарымен бірге оқуға кірісу үшін бір жыл бойы жоғалтпауға мүмкіндік береді.