Қазақстан оқушылары Қытайда өткен олимпиададан 1 алтын, 3 күміс медаль алды

Сурет: Telegram/AIMAGAMBETOV
Биыл бұл жарыс Тяньцзинь қаласында (Қытай) өтті. Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Ақтау қалаларынан 4 оқушы қатысты. Олар әлемнің 83 елінен келген 322 оқушымен бақ сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама химиядан халықаралық олимпиадада (IChO-2022) 1 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Осылайша Қазақстанның 4 оқушысы да беделді олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ұлттық құрамаға 2017 жылдан бергі алғашқы алтынды Мадияр Қасымалы әкелсе, Санжар Бисенәлі, Санжар Нұрғалиев және Альмира Нұрланова күміс жүлдені еншіледі. Былтыр қоржынымызға үш күміс, бір қола медаль түскен еді.

Оқушыларымызды жоғары нәтижелермен және лайық жеңісімен құттықтаймын! Балаларымыздың математика, физика, химия пәндерінен халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері жаратылыстану пәндеріндегі жақсы жетістіктердің көрсеткіші. Команданың табандылығы, білімі, еңбегі және жеңіске деген жігері барлық оқушыға үлгі болары сөзсіз, – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы каналында.

Айта кетейік, биыл олимпиадалардың жеңімпаздары алғаш рет қолдау шараларына ие болады. Олар қомақты ақшалай сыйақы алуға және отандық ЖОО-ларға ҰБТ тапсырмай-ақ түсуге мүмкіндік алып отыр. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздарға да төлемақы беріледі.

Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды