Қазақстанда мұғалімдерге гүл мен сыйлық беруге бола ма

Сурет: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл мен сыйлықтар беруге бола ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ата-аналар мен оқушыларға ұстаздарына гүл сыйлауына рұқсат етілген. Өйткені бұл – жақсы дәстүр.Оқу-ағарту министрлігі

Ведомствода атап өткендей, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық ретінде ақша жинауға болмайды.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлық беруге тыйым салынған. Қатаңдау 2020 жылдың қазанында мемлекет басшысы қол қойған түзетулермен қабылданды. Бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабына сәйкес 200 АЕК (612 600 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

1 қыркүйекте еліміздің барлық мектептерінде салтанатты линейка өтеді. Сонымен қатар «Білімге талпыныс, еңбексүйгіштік пен патриотизм» атты бірыңғай сынып сағаты өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты