"Болашақ" бағдарламасының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін құжаттарды 14 қазанға дейін жіберу керек

Сурет: bolashak.gov.kz
Өтінімдер 14 қазанға дейін eGov.kz. мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы магистратура мен резидентураға 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия, тағылымдама бағдарламасына 110 стипендия бөлінді.

Биыл 23 мамырда "Болашақ" бағдарламасы бойынша магистратура, докторанутра және резидентураға түсу үшін, 5 қыркүйекте жетекші ЖОО-лар мен ұйымдарда шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталды.

Конкурстық іріктеу толығымен онлайн режимінде өтеді. Үміткерлерге онлайн платформада жеке кабинет ұсынылады. Онда барлық хабарландыруларды бақылауға, жоспарланған іріктеу турларынан өтуге және нәтижені білуге болады.

Конкурстық іріктеуге кез келген азамат қатыса алады, жас шектеулері жоқ. Өтінім тапсырған кезде оқу/тағылымдамадан өту және кейінгі еңбекпен өтеу мерзімі зейнеткерлік жастан аспауға тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады