Астаналық оқушылар қашықтан оқу форматына уақытша көшіріледі

Сурет: unsplash
13-14 қазанда елордалық оқушылар қашықтан оқыту форматына уақытша көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық білім басқармасының хабарлауынша, бұл күндері елордада мемлекет және Үкімет басшыларының қатысуымен халықаралық форумдар өтетін болғандықтан, қала жолдарының кейбір бөліктерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Мұндай тәжірибені көптеген елдер осы сияқты ірі шаралар өткізген кезде қолданады.

Оқушылар мен олардың ата-аналарына қолайлы болу үшін 13-14 қазанда қала мектептерінің бәрі меншік нысанына қарамастан, қашықтан оқыту форматына көше тұруы керек деген шешім қабылданды.

Әкімдік өкілдері оқушылар үшін сабақтың мұндай түрі таңсық емес екенін айтып отыр.

Жалпы, қашықтан оқыту әдісі оқушыларға таңсық емес. Өйткені, қыста күн райы бұзылған кезде оқытудың осы форматы қолданылатын. Қала мектептері ондай сабақтар өткізуге қажетті компьютермен қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді