Жас ғалымның айтуынша, калькулятор қолдану мүмкіндігі жоқ барлық жерде, тіпті емтиханда да ол тапқан формуламен есептерді оңай шығаруға болады.
Оның үстіне бұл – уақыт үнемдеуге де үлкен мүмкіндік. Енді осы формулаларымды патенттеп алғым келеді.Еуразия ұлттық университетінің ІІ курс студенті Бек Мұсабеков
Студент өзі ойлап тапқан формуланы оқу бағдарламасына кіргізуге болады деп есептейді.
Алдағы уақытта математикадан шәкірт тәрбиелеп, оқушыларымды олимпиадаларға дайындасам деген ниетім бар.Бек Мұсабеков
Ол үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің бұдан да оңай формулаларын іздеуді жалғастыратынын айтты.
Сурет: ЕҰУ ақпарттық орталығы
Бек Мұсабековтың математика саласына қызығушылығы мектеп қабырғасында оянған.
Талантты жас квадрат және куб әдістерімен формулаларды 9-ші сыныпта алғаш рет ойлап тапты. "Түбір астынан жуықтап табу" амалын баған және квадрат арқылы шешу де – оның мектептегі еңбегінің жемісі. Нақты ғылымға қызыққан студент ізденімпаздығының арқасында үлкен сандарды калькулятордың көмегінсіз есептеуге болатын формула жасап шығарды, – делінген университеттің ақпарттық орталығы таратқан хабарламада.
Бек Мұсабеков өзінің қабілетін 2021 жылы "Дарынды жас ғалым" республикалық ғылыми-жобалар байқауында ортаға салып, "Дарын" аталымы бойынша топ жарды. ЕҰУ студенті "ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл" мерекелік төсбелгісімен де марапатталған.