Түркиядағы медресеге еркінен тыс тапсырылған 16 жасар қыз елге қайтарылды

Сурет: pixabay
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматын Түркия Республикасынан елге қайтару бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 жастағы Қазақстан азаматы отанымызға жеткізілді, қазір қыз отбасымен бірге Ақтөбе қаласында.

16 жастағы Қазақстан азаматы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннан елге оралуына көмек сұрады. Өтініштен кәмелетке толмаған қызды анасы алаяқтық жолмен Түркияға алып кеткені және оның еркінен тыс Ыстамбұлдағы қыздарға арналған медресеге бергені анықталды. Сонымен қатар бала туыстарымен байланыса алмай, Қазақстанда жүрген әкесі мен екі ағасын сағынғанын айтып шағымданған. Аружан Саинның өтініші негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның Түркиядағы елшілігі арқылы Ыстамбұлда баланы іздеу мәселесін шұғыл қолға алды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бала табылып, оның Қазақстанға оралуына қажетті көмек көрсетілді. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтарының мүддесі үшін жұмысты одан әрі жалғастыра беретінін хабарлайды.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды