Бурабайда лагерьдегі баланың өліміне қатысты Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Сурет: Zakon.kz
14 жастағы бала қайтыс болған Ақмола облысындағы "Балдәурен" сауықтыру орталығында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.

"Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан лагерьге барды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, білім басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама баланың қатерлі ісікпен ауырғанын көрсетті, оның салдары ішкі қан кетуді тудырған. Құрылған комиссия жұмысын жалғастырып жатыр", - делінген министрлік ұсынған мәліметте.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін, "Балдәурен" сауықтыру орталығының және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұжымы баланың туғандары мен жақынына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.

Айта кетсек, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, баланың қазасы туралы бүгін, 11 қаңтарда, сағат 06:36-да Бурабай аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған. Жасөспірім 9 қаңтарда Ақтөбе облысынан Бурабай ауданына балалар тобының құрамында келген. Қаңтардың 10-ынан 11-іне қараған түні жасөспірім іші ауырып тұрғанын айтқан. Таңертең сағат 05:00 шамасында ауырсынудың күшеюіне байланысты кешеннің медициналық бөліміне жүгініп, жедел жәрдем шақырылған. Алайда жедел жәрдем келгенге дейін бала көз жұмған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Барыс" құрамасының экс-қорғаушысы Жоғары хоккей лигасындағы алғашқы ұпайын жинады