Қазақстанда ЖОО-да оқуға грант беру ережесіне өзгеріс енгізілді

Сурет: unsplash
Қазақстан үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен бакалавриат немесе магистратура дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын бөлу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен гранттарды тағайындау қағидасына толықтыру енгізілді. Бұл өзгеріс енді арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, әскери қызметшілердің, қайтыс болған немесе қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақаты (жарақат, контузия) салдарынан мүгедектігі бар деп танылғандардың балаларын (асырап алынған, қамқорлыққа алынған, бірге тұратын өгей ұл мен қыздарды қоса алғанда) жоғары білім алуға конкурстан тыс өткізуді көздейді.
Сонымен қатар қазір ауыл жастары арасынан Қазақстан азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламалары бойынша конкурс былай өткізілетіні айтылады:

Осы білім беру бағдарламалары топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен, ал қалған 35%-ға гранттар бойынша тек ауыл жастары үшін конкурс өткізіледі.

Бұрын үлестіру 70%-дан 30%-ға дейін еді.
Қаулы 2023 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты