Шетелдік автокөлік өндірушілер өз өнімдерін Ресейге тасымалдаудан бас тартты

Сурет: pixabay
2022 жылы ресейлік автокөлік нарығы 40 мыңға жуық жаңа көлікпен толықпай қалуы мүмкін. Жолға шығып үлгерген автомобильдер дилерлік орталықтарға жеткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік автокөлік өндірушілер Ресейге жаңа техника жеткізуден бас тартты, деп хабарлайды Ведомости.

Олардың қатарында Audi, General Motors, Volkswagen, Skoda, Citroen, Porsche және Jaguar Land Rover де бар.

Кейбір автоөндірушілердің өкілдері бұл шараның жолға шығып кеткен автомобильдерге әсер етпейді деп сендірді.

Еуропалық бизнес қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2021 жылдың бойында Ресейде 1,667 миллион жаңа жеңіл және жеңіл коммерциялық автомобильдер сатылған. Олардың басым бөлігі жергілікті өндіріске тиесілі.

Аталған брендтердегі жаңа жеңіл көліктердің импорты 37 979 дананы құрайды.

Автомобиль өнеркәсібі жөніндегі тәуелсіз кеңесші Сергей Бургазлиевтің айтуынша, бұл - аз көлем, ал егер жаңа көліктерді жөнелтуді тоқтата тұру туралы мәлімдегендерге енді ешкім қосылмаса, онда Ресей нарығы 2022 жылы шамамен 40 мың жаңа көлікпен толықпай қалуы мүмкін.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі