Семей полигонына жақын орналасқан үш аудан тұрғындарының әл-ауқаты тексеріледі

Сурет: wikimedia
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев өткенде Абай облысының халқымен кездесті. Онда қойылған сұрақтың біразы экологияға зиянын тигізген Семей ядролық сынақ полигоны туралы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындардан қойылған сұрақтардың 90%-ы экологияға зиянын тигізген Семей ядролық сынақ полигоны, тұрғылықты халықтың денсаулығы, әлеуметтік төлемдер және тағы басқаға қатысты болды.

Осы ретте Экология министрі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен, Энергетика министрі Болат Ақшолақовпен, парламент мәжілісі депутаты Милютинмен, Денсаулық сақтау вице-министрі Сұлтанғазиевпен, Абай облысының «Комитет полигон-21» қоғамдық бірлестігінің бастамашыл тобы қатысуымен жиналыс өткізіп, мәселені қарастырды.

"Әр ведомствоның, қоғамдық бірлестік белсенділерінің ұстанымын тыңдаған соң, үш облыста (Абай, Қарағанды, Павлодар облыстары) полигонға іргелес аумақ тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының жағдайын тереңірек талдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды", - делінген Экология министрлігінің хабарламасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды