Жалған шот-фактура жазған Қостанай тұрғыны сотталды

«STOP ОБНАЛ» жедел-алдын алу шаралары шеңберінде

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті «STOP ОБНАЛ» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында Қостанай қаласы тұрғынының шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында Ш.Жүргімбеков 2018-2020 жылдар аралығында бақылауындағы «KAZ CENTER CONSULТING» ЖШС, «Астана Транс Глобал» ЖШС, «Астана Снаб Финанс» ЖШС атынан автобөлшектердің құрамдас бөліктерін, күнбағыс дәндерін жеткізуге және басқа да қызметтерді жасауға жалған мәмілелер жасағандығы анықталды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Бұл ретте, жоғарыда аталған кәсіпорындарда заңды кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті тауарлық-материалдық қор, қоймалар, автокөлік және арнайы техника, қызметкерлер штаты, жарғылық капиталдың мөлшері болған жоқ.

Мемлекетке 998 миллион теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

Ш.Жүргімбеков коммерциялық ұйымдарда ұйымдастырушылық-өкімдік функциялармен байланысты басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Қостанай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: