«ҚТЖ» мен Stadler Қазақстанда жолаушылар вагондары өндірісін қолға алмақ

Сурет: Zakon.kz
ҚТЖ Ұлттық компаниясының «Stadler»-мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Халықаралық байқау қорытындысы бойынша, сонымен бірге «DB Engineering & Consulting» ұсыныстарының негізінде «Stadler Bussnang AG» швейцариялық компаниясы «Тұлпар» зауытының базасында Қазақстандағы жолаушылар вагондарын өндіру жөніндегі жобада серіктес болып айқындалды. «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму миниистрлігі мен «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы «Stadler Bussnang AG» компаниясымен  ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Айта кетерлігі, Stadler вагондары бірқатар артықшылыққа ие. Олардың қатарында вагондарды пайдалану мерзімі 40 жыл, еуропалық сапа стандарты, заманауи дизайн, оқшаулау деңгейі және жаңа технологиялар трансферті.

Сонымен бірге, вагондардың отын багы көлемінің сыйымдылығы басқа өндірушілермен салыстырғанда жолаушылар поезының құрамына автономды режимде әлдеқайда ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жалпы вагондардың техникалық сипаттамалары үздіксіз тасымалдау процесін қамтамасыз етеді.

Вагондар өндірісін ұйымдастыру үшін жергілікті «Тұлпар» қызметкерлері Stadler зауыттарында біліктілігін шыңдайды деп жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қатысуымен қаржыландыру мәселесін пысықтап, сондай-ақ валюталық тәуекелдерді азайту бойынша келіссөздер жүргізілуде. «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Женевада Қазақстан мен Швейцария президенттерінің қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстел аясында түрлі салаларда бірқатар коммерциялық келісімге қол қойылған болатын. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК АҚ мен Stadler арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім бар.

 

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты