Доллар тағы қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 6,34 теңгеге қымбаттап, 465,49 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салайық, дүйсенбіден бері доллар 30 теңгеден астам арзандады.

Кешегі саудада Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,20 теңгеге өсіп, 5,40 теңгені құрады. Ал қытай юанінің бағамы, керісінше, 1,94 теңгеге төмендеп, 72,17 теңгені құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 510,57 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462-467 теңгеге сатылды/сатып алынды, еуро 513-521 теңгеге өсті. рубль – 5,5-6,05 теңге болды.

Ал 31 наурыздағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 5,92%-ға төмендеп, барреліне 101,44 долларды құрады.

Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері барреліне 4,85%-ға арзандап, 106,03 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті