Ұлттық банк өкілі таратқан мәлімет бойынша, қызмет көрсету секторы мен тау-кен өнеркәсібінде іскерлік белсенділік қалпына келе бастады (сәйкесінше, 49,6 және 49,9), ал құрылыс саласында индекстің төмендеуі 4 ай бойына жалғасып келеді (44,5).
Барлық салада да жеткізу мерзімі ұзарды, ал құрылыс кәсіпорындары жаңа тапсырыстар көлемі мен жұмыспен қамту деңгейінің айтарлықтай төмендегенін алға тартты. ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин
Оның айтуынша, өндірісте және тау-кен өнеркәсібінде тауарлы-материалдық қор көлемі ұлғайды.
2022 жылдың сәуірінде алғаш рет тау-кен өнеркәсібі жеке бөлініп қаралды, осыған байланысты деректер қатары қайта есептелді.ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин
Аймақтар бөлінісі бойынша қарастырғанда, ІБИ-дің ең төмен мәні Алматы мен Ақмола облыстарында (сәйкесінше, 42,9 және 43,1), ал ең жоғары мәні – Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (сәйкесінше, 56,4 және 55,6) тіркелді.
Ол сондай-ақ кәсіпорындардың алдағы 6 айға болашақ бизнес-жағдайларға қатысты сенімділігі айтарлықтай жақсарғанын атап өтті: болашақ жағдайларды бағалау 7,3-ті құрады (наурызда – (-)12,1). Нәтижесінде, ағымдағы және болашақ бизнес-жағдайлардың орташа бағалауын білдіретін бизнес-климат индексі 1,8-ге (наурызда – (-)10,3) теңесіп, айтарлықтай жақсарған.