Қазақстанның ЕАЭО елдерімен арадағы тауар айналым көлемі 11 пайызға өсті

Сурет: primerminister.kz
2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен арадағы тауар айналым көлемі 5 млрд 693,6 млн долларды құрады, бұл - өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11% - ға артық. Ұлттық статистика бюросы осындай деректерді алға тартты, деп хабарлады Zakon.kz.

Республикамыздың Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі басты үлес Ресейге тиелісі – 93,3%, одан кейін Қырғыз Республикасы – 3,6%, Беларусь – 3% және Армения – 0,1%.

2022 жылдың І-тоқсанындағы эксортталған тауарлар 1 млрд 743,8 млн долларды (9,3% – ға артық), импорт - 3 млрд 949,8 млн долларды (11,8% - ға артық) құрады.

Бұл ретте ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда химия өнімі және онымен байланысты өнеркәсіп салалары, оның ішінде жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша үш есе өсім байқалады, импортқа қатысты мал және өсімдік тектес өнімдер, дайын азық-түлік өнімдері бойынша неғұрлым ұлғаю байқалды, оның ішінде бидай импорты 4,3 есеге өсті.

Қазақстан
ЕАЭО

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы